Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болды

4 Қыркүйек 2023, 11:55 969

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: