Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Айдана Меденова өзіне киноға түсуге ұсыныс түскенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқырманның "Неге киноға түспейсің?" деген сұрағына Айдана Меденова былай деп жауап берді:
Түскім келмейді. Айтпақшы, жақында орамалмен түсетін рөл ұсынды, бірақ бас тарттым,- деді ол.
Сондай-ақ желі қолданушылары әншіден ернін үлкейткеніне қатысты сұрақ қойды.
Ернімді қалпына келтіретіндей ештеңе еккен жоқпын. Үлкейткен күннің өзінде осы уақытқа дейін алып тастар едім. Көпшілік мені “жасанды” деп айтып жүретін. Қазір макяж жасамаған соң ба, олай айтуды қойды. Мен адамдардың тұрақсыз пікірлеріне үйреніп кеткенмін, – дейді Айдана Меденова.
Айта кетейік, әнші Айдана Меденова хиджабты шешуге қатысты желідегі оқырманының сауалына жауап берген еді.