Астана қаласында өтіп жатқан U-22 және жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
54 келіде финалда үнді аруы Таманнаны айқын басымдылықпен ұтқан Аяжан Сыдық екі дүркін Азия чемпионы атанып отыр. Осыған дейін 52 келіде Бағжан Отынбай үндістандық қарсыласы Нишаға есе жіберген еді.
Айта кетейік, Аяжан Сыдық Арменияның Ереван қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленген.