Аязға байланысты Ақмола облысында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді

7 Желтоқсан 2023, 17:31 748

Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ПД басшылығы 400-ден астам полицейді күшейтілген патрульдеуге бағыттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

7 желтоқсан сағат 18.00 шамасында температураның -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағыттарында дизель жанармайымен жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралдары үшін қозғалысты шектеу енгізілетін болады.

Инспекторлар автокөлік жүргізушілеріне көмек көрсетуге бағытталды. Басшылық балалар топтарын тасымалдайтын компанияларға мұндай ауа-райында қозғалу қауіпті екенін ескертуді тапсырды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: