Боксшы Жанқош Тұраров кейінгі кезде өмірінде болып жатқан сынақтар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасында өзін қараламақ болғанын жазды.
Сіздердің баталарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында көз алдарыңызда өсіп-өніп келе жатырмын, халқым. Қандай жағдайлар болып жатса да, ыстық ықыластарыңызды білдіріп, дәлелсіз қаңқу сөздерге сынып кетпеуіме себепшісіздер. Аққа – Құдай жақ! Аяқтан шалуды көздеген қара ниеттілерді Алла кешірсін! Әр сынақтың артында бір қайыр бар, ер жігіттің басына не келіп, не кетпес. Әлі талай жеңістерді бірге тойлауға жазсын – деп жазды ол.
Айта кетейік, «қыз зорлады» деп айып тағылған соң Жанқош Тұраров жоспарланған жекпе-жегіне қатыса алмай қалған еді.