Аягөздегі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды

26 Қазан 2023, 11:23 1384

Бұл туралы Сенат кулуарында бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев тілшілердің сұрағына жауап беру барысында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қайғылы оқиғаға қатысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, – деді бас прокурордың орынбасары. 

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал келіп түскен еді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жетіп, сағат 11.24-те өртті толық сөндірген. Алайда салдарынан оқиға орнында төрт баланың денесі табылды. 

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, өрттің себебі анықталуда.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: