Аягөзде жастарға арналған баспана бағдарламасы басталды

30 Желтоқсан 2023, 23:26 987

Абай облысында жастарды баспанамен қамту, жас отбасыларды қолдау, жұмыспен қамту, сапалы білім беру мәселесі басты назарда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Осыған орай Аягөз ауданында өңір жастарын жеңілдетілген ипотекалық несиелеуге бағытталған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» бағдарламасы қолға алынды.

Бағдарламаға ауданның 18 бен 35 жас аралығындағы білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, журналистика, әлеуметтік сала, мемлекеттік, қалалық және республикалық мекеме/ұйымдардағы штаттық қызметкерлер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер қатыса алады.

Жеңілдікті несие «Отбасы Банкі» арқылы 8 жылға 5% үстемемен беріледі. Қатысушының тұрғын үй бағасының 10% құрайтын банк салымы болуы керек.

Алдағы уақытта бағдарлама арқылы берілетін баспана жас отбасыларға айтарлықтай қолдау болмақ.

Берік Арманов
Бөлісу: