Аягөзде құтқарушылар тракторшыны өзеннен алып шықты

1 Сәуір, 07:32 3470

Аягөз ауданында полицейлер мен құтқарушылар тракторшыны өзеннен алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Тракторшы аймақты біле тұра, Аягөз ауданындағы Мәдениет ауылының маңындағы Бақанас өзені арқылы өтуге шешім қабылдады, алайда келген су ағынын есептемей, өзеннің ортасында қалып қойды.

Полиция мен құтқарушылар бірлескен күш-жігермен олар ер адамды уақытында тауып, жағаға жеткізе алды. 47 жастағы жергілікті тұрғын құтқарушыларына бірден алғыс айтты.

Перизат Саденова
Бөлісу: