Аягөз қаласында «Ауыл – ел бесігі» жобасы талқыланды

26 Қараша 2023, 16:19 694

Абай облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасының 2023 жылдағы қорытындысы талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Аягөз ауданында облыс әкімінің төрағалығымен көшпелі әкімдік отырысы өткен болатын. Кездесуде «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы, атап айтқанда, жұмыс орындарын құру және нәтижеге қол жеткізу мәселелері қозғалғаны белгілі болды. 

Сонымен қатар, 2023-2024 жылдарға арналған инфрақұрылымдық жобаларды, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру, 2023 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы көрсеткішінің орындалу барысы талқыланды.

Бұдан бөлек, алдағы қыс мезгіліне автожолдарды дайындауға ерекше көңіл бөлінді. Жиын қорытындысында Нұрлан Ұранхаев тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар бергені мәлім болып отыр.

Асқар Таудай
Бөлісу: