Автобустың әйнегін сындырған астаналық тұрғын қамауға алынды

16 Қараша 2023, 15:21 1490

Оқиға 16 қарашада таңғы сағат 05:50-де болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иманов көшесінде ер адам автобустың алдыңғы әйнегін сындырды.

Елорда полицейлері құқық бұзушыны дереу ұстады. Ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: