Автобусты жүргізу кезінде видео қарап отырған жүргізуші жазаланды

10 Ақпан 2023, 18:25 1168

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Қоғамдық көлік жүргізушісі автобусты жүргізу кезінде видеоны көргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында MAN маршруттық автобусының жүргізушісі тарапынан Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі анықталды.

56 жастағы жүргізуші теріс қылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігіне сәйкес (ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.4.9-тармағы, көлік құралын басқару кезінде телефон немесе радиостанцияны пайдалану) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, құқық бұзушыға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал түпкілікті шешім қабылдау үшін Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Астана қаласының полиция департаменті жол ережесін қатаң сақтауды, қоғамдық тәртіпті бұзбауды ескертеді.

EL.KZ
Бөлісу: