Автобус жүргізушісі ұйықтап кетіп жол апатын жасады

5 Қаңтар, 11:26 1051

Таразда автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегіндегі көліктерді соқты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Оған себеп – жүргізушінің ұйықтап кеткені. Қоғамдық көліктің бейнекамерасына жазылған видеода жүргізушінің қарсы бетке шығып бара жатқан автобусты тоқтатуға еш әрекет жасамағаны байқалады. Жол апатынан автотұрақтағы 10 жеңіл көлікке зақым келді. Адам шығыны жоқ.

Автобуста 10 жолаушы болған. Жарақат алған 56 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бірнеше қабырғасы сынған жолаушының жағдайы орташа ауыр екенін айтады. 33 жастағы жүргізушіге қатысты тергеу басталды.

Автобус жүргізушісіне ҚР ҚК 345-бабымен қылмыстық іс қозғалып, Тараз қаласы басқармасында тергеу жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: