Автобус шұңқырға құлады: оқиға орнында жұмысшылардың жеке заттары табылды

2 Ақпан, 17:41 1973

Павлодар облысындағы «Майқайың Алтын» АҚ кен орнында іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, оқиға орнында құтқарушы каскасы, автобустың есігінің бір бөлігі және қолға ұстайтын XFERRA радиостанциясы табылған.

Оқи отырыңыз:

Бұған дейін автобустың дөңгелегі табылғаны туралы айтылған.

Естеріңізде болса, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы кен орны маңында автобус 60 метр тереңдікке құлап кеткен. Көлікте болған төрт адамның екеуінің денесі табылғанымен, қалған екеуін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: