Австралияның ең үздік 3 университеті

15 Қазан 2014, 12:57

Шетелдік жоғарғы оқу орындары сериясының жалғасы

Сингапур елінің университеттері жайлы мақаламыздан кейін келесі кезек кенгурулар мен коалалар елі – Австралия елінің жоғарғы оқу орындарына келіп отыр. 23,13 миллион халқы бар Австралияда бар-жоғы 43 қана университет бар екен. Олардың 40-ы мемлекеттік болса, 2-і шет елдерге тиесілі және тағы біреуі жеке меншікте.  

Австралия жоғарғы оқу орындарының топ-5 рейтингі:

Австралия рейтингіндегі орны

 Университет атауы

 Дүниежүзілік рейтинг (2014 жыл)

Дүниежүзілік рейтинг (2013жыл)

1 Мельбурн университеті 33 34
2 Австралия Ұлттық университеті 45 48
3 Сидней университеті 60 72
4 Куинсленд университеті 65 63
5 Монаш университеті 83 91

 

1.      Мельбурн университеті

Мельбурн университетінің 150 жылдан астам тарихы бар. Зерттеу жұмыстары, білім беру және оқыту салалары бойынша әлемнің 150 мемлекеттерінен студенттер оқиды. Мельбурн университеті бакалавр және магистратура дәрежелерінде 300-ден астам мамандық бойынша шәкірт қабылдайды. 2013-2014 ж.ж. түлектері жұмысқа тұру көрсеткіші ең жоғары университеттер арасында әлемде 10-шы орынды иеленді. Университетте 6500 қызметкер еңбек етсе, 50,000 астам студент дәріс алады екен. Олардың 25% шетелдік студенттер.

Жекелеген мамандықтар бойынша әлемдік рейтингте  Мельбурн университеті.

2.      Австралия Ұлттық университеті

1946 жылы құрылған Австралия Ұлттық университетінің кампусы ел астанасы Канберрадан 5 минуттық жерде орналасқан. АҰУ бакалавр және магистратура дәрежелерінде 60 астам мамандықтар бойынша білім береді. Бұл жоғарғы оқу орнында оқу құны бакалавр дәрежесінде гуманитарлық мамандықтарға $22,464 құраса, бизнес, инженерлік, ғылым салаларындағы мамандықтарға $26,016 құрайды. Ал магистр мен докторантура оқу құны $24,768-$28,656 арасында болады. АҰУ-дегі оқуақы бағдарламаларының тізімі.  

Жекелеген мамандықтар бойынша әлемдік рейтингте Австралия Ұлттық университеті.

3.      Сидней университеті

Австралиянық университеттерінің арасында әрдайым 3-тікте жүретін Сидней университеті мемлекеттегі ірі 8 зерттеу-интенсивті жоғарғы оқу орындарының тізіміне кіреді. «Times Higher Education» әлемдік рейтингінде гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар мамандықтары бойынша 25 орын, инженерлік және технологиялар мамандықтары бойынша 50-ші орында тұрақтады. Білім ордасында 145 елден 50,000 астам студент білім алады. Оның 10,000-ы шетелдерден келген.

Жекелеген мамандықтар бойынша әлемдік рейтингте Сидней университеті.

Суреттердің дереккөздері: The University of Sydney, Sunitafe.edu , abc.net.au, Oztrekk 

Бөлісу: