Австралия билігі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салатын заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасына сәйкес, ата-аналары рұқсат берген балалар да әлеуметтік желілерді пайдалана алмайды.
The Australian басылымының мәліметінше, премьер-министр Энтони Альбанезе бұл туралы бейсенбі күні айтты. Ол мұның барлығы ең алдымен ата-аналар үшін қажет екенін де қоса кетті.
Әлеуметтік желілер біздің балаларымызға зиянын тигізіп жатыр, сондықтан оларға тыйым салу керек. Мен мыңдаған ата-ана, әже, атамен сөйлестім. Олардың барлығы балаларының интернеттегі қауіпсіздігі үшін алаңдаулы. Мен Австралия билігі ата-аналар мен отбасылардың жағында екенін еске салғым келеді, - деді ол.
Сонымен қатар ереже бұзғандар жазаланбайтынын да айта кетті.