Ауыр атлетикадан Жазғы спартакиада: бесінші күннің нәтижесі

29 Маусым 2023, 03:23 1156

Бұл күндері Алматыда ауыр атлетикадан ҚР VI жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық атлет қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, әйелдер арасында 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласының өкілі Арай Нұрлыбекова 217 келі салмақты бағындырып (96+121), турнирде топ жарды. Одан 13 келі аз көтерген ақмолалық Мира Ахметова 204 (88+116) екінші орынға жайғасты. Ал алматылық Ақерке Байманап 184 ( 84+100) үздік үштікті қорытындылады.

87 келіден жоғары салмақ бойынша қарағандылық Любовь Ковальчук 250 (110+140) жеңімпаз атанды. Қызылорда облысының спортшылары Айсамал Сансызбаева 208 (90+118) күміспен күптелсе, Динара Қыпшақбай 200 (89+111) қоланы қанжығасына байлады.

Ерлер арасында 81 келіде алматылық Еламан Сейітқазы 336 (150+186) бірінші, Шымкент қаласының өкілі Александр Уваров 335 (149+186) екінші, ал шығысқазақстандық Денис Уланов 325 (145+180) үшінші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Спартакиада ертең, 29 маусымда аяқталады.

Берік Арманов
Бөлісу: