Бүгін Қостанай қаласында ауыр атлетикадан бір аптаға жалғасқан ел чемпионатының шешуші күнінде ерлер 4 салмақта сынға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлер, 96 кг:
Алтын – Сергей Петрович (Ақмола облысы) - 335 келі (155+180)
Күміс – Бақтияр Жамалбек (Алматы қ.) - 320 келі (145+175)
Қола – Бекболат Қалиұлы (Шымкент қ.) - 298 келі (136+162)
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Париж Олимпиадасына баруға бірден-бір үміткер Сергей Петрович Азия чемпионатында олимпиадалық 89 келіде өнер көрсеткен. Осы жолы 96 келіде бақ сынап, мықтылығын мойындатты.
102 кг (олимпиадалық салмақ)
Алтын – Кирилл Староверкин (Қарағанды облысы) - 325 келі (150+175)
Күміс – Темірлан Оқашев (ШҚО) - 317 келі (135+182)
Қола – Данил Бетехтин (Жетісу облысы) - 316 келі (137+179)
Азия чемпионатында 96 келіде күш сынасып, 4-орын алып қалған Кирилл де жаңа салмақта айтарлықтай қарсылық көрмеді.
109 келі (+102 келі салмақ Олимпиадаға кіреді)
Алтын – Сұлтан Мейрам (Алматы қ.) - 337 келі (156+181)
Күміс – Игорь Герасименко (Ақмола облысы) - 287 келі (124+163)
Қола – Еділ Асқаров (Алматы қ.) - 286 келі (125+161).
+109 кг (+102 келі салмақ Олимпиада бағдарламасында)
Алтын – Иван Голушко (ШҚО) - 330 келі (155+175)
Күміс – Жанәлі Тұяқов (СҚО) - 317 келі (140+177)
Қола – Антон Еременко (ШҚО) - 316 келі (143+173).
Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті
Бүгін Қостанай қаласында ауыр атлетикадан бір аптаға жалғасқан ел чемпионатының шешуші күнінде ерлер 4 салмақта сынға түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ерлер, 96 кг:
Алтын – Сергей Петрович (Ақмола облысы) - 335 келі (155+180)
Күміс – Бақтияр Жамалбек (Алматы қ.) - 320 келі (145+175)
Қола – Бекболат Қалиұлы (Шымкент қ.) - 298 келі (136+162)
Париж Олимпиадасына баруға бірден-бір үміткер Сергей Петрович Азия чемпионатында олимпиадалық 89 келіде өнер көрсеткен. Осы жолы 96 келіде бақ сынап, мықтылығын мойындатты.
102 кг (олимпиадалық салмақ)
Алтын – Кирилл Староверкин (Қарағанды облысы) - 325 келі (150+175)
Күміс – Темірлан Оқашев (ШҚО) - 317 келі (135+182)
Қола – Данил Бетехтин (Жетісу облысы) - 316 келі (137+179)
Азия чемпионатында 96 келіде күш сынасып, 4-орын алып қалған Кирилл де жаңа салмақта айтарлықтай қарсылық көрмеді.
109 келі (+102 келі салмақ Олимпиадаға кіреді)
Алтын – Сұлтан Мейрам (Алматы қ.) - 337 келі (156+181)
Күміс – Игорь Герасименко (Ақмола облысы) - 287 келі (124+163)
Қола – Еділ Асқаров (Алматы қ.) - 286 келі (125+161).
+109 кг (+102 келі салмақ Олимпиада бағдарламасында)
Алтын – Иван Голушко (ШҚО) - 330 келі (155+175)
Күміс – Жанәлі Тұяқов (СҚО) - 317 келі (140+177)
Қола – Антон Еременко (ШҚО) - 316 келі (143+173).
Жалпы командалық есеп бойынша Жетісу облысының ерлер мен әйелдер құрамасы 1-орын алды. Осы тұста чемпионат кезінде мамандар Сергей Петровичтің нәтижесін жіті бақылағаны анық. Қазір Ұлттық құрама сапында Париж Олимпиадасының жолдамасын алуға Сергейдің мүмкіндігі жоғары. Ол Азия рейтингінде көш бастап келе жатыр. Лицензия берілетін шешуші жарыс сәуірде Таиландта (Әлем Кубогы) өтеді.
Таиландағы жарыста қиын болатынын түсінемін. Шешуші жарыста бәрі барын салады. Бұл қатарда мен де бар білгенімді көрсетуге тырысамын. Жолдама алып, Олимпиадада ел намысын қорғағым келеді, - деді Сергей Петрович.
Ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов Ұлттық құраманың барлық өкілі чемпионатта мықтылығын көрсетіп, топ жарғанына тоқталды.
Мұнда Ақжол Құрманбек, Бақтияр Жамалбек сынды болашағынан үміт күттіретін жас спортшыларды істе байқадық. Оларды Ұлттық құрама біртіндеп қосамыз. Сергей Петровичке келер болсақ, жеке дайындықты мықтап қолға аламыз. Әлем Кубогынан кейін Парижге баратын жолдама қоржынға түседі деген ниеттеміз, - деп айтты Дәурен Бекмұханбетов.