Ауыр атлетикадан ел чемпионаты: Алғашқы күннің жеңімпаздары анықталды

16 Ақпан, 05:15 841

Қостанайда ауыр атлетикадан кезекті ел чемпионаты бастау алды. Жарыстың алғашқы күнінде үш салмақ дәрежесінде жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметіне сүйенсек, ерлер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде жетісулық спортшы топ жарды. 

Ерлер. 55 келі.

Исламжан Мұзапаров (Жетісу облысы) — 223 келі (96+127)

Анатолий Грубов (Жетісу облысы): рывок — 222 келі (107+117)

Нұрбол Ешімбеков (Қарағанды облысы) — 208 келі (88+120)

Әйелдер. 45 келі

Айнұр Әбдіқалықова (Жамбыл облысы) — 130 келі (60+70)

Ирина Чумак (Қостанай облысы) — 114 келі (48+66)

Снежана Кашкарова (Жетісу облысы) — 113 келі (51+62)

49 келі (Олимпиадалық салмақ)

Айгерім Әуелбек (Жетісу облысы) — 149 келі (69+80)

Регина Никифорова (Жетісу облысы) — 133 келі (58+75)

Валерия Васечко (Ақмола облысы) — 128 келі (56+72)

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты 21 ақпанға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: