Ауыр атлетикадан Азия чемпионаты. Қазақстан құрамасы белгілі болды

5 Мамыр 2023, 04:41 986

Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында 5 мамырда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрлықтық додаға 38 елден спортшылар қатысады. Олардың арасында Қазақстан құрамасы барлық салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Азия чемпионатында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының алғашқы ұпайлары сарапқа салынады. Құрама сапында тәжірибелі Арли Чонтей, Алексей Чуркин, Асылжан Бектай және Рио Олимпиадасының жүлдегері Карина Горичева секілді спортшылар бар.

Ел құрамасында медальдар үшін бәсекеге түсетін 20 ауыр атлет бар.

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар:

Чонтей Арли (55 келі)

Әлиев Өтепберген (61 келі)

Савельев Анатолий (67 келі)

Чуркин Алексей (73 келі)

Сейітқазы Еламан (81 келі)

Бектай Асылжан (89 келі)

Петрович Сергей (89 келі)

Әділетұлы Нұрғиса (102 келі)

Антропов Артем (102 келі)

Самарқанов Андас (109 келі)

Әбдіқалықова Айнұр (45 келі)

Алякина Екатерина (55 келі)

Колиушко Алина (59 келі)

Горичева Карина (64 келі)

Нұрлыбекова Арай (76 келі)

Омарова Аиша (81 келі)

Есжанова Айым (81 келі)

Қыпшақбай Динара (87 келі)

Сансызбаева Айсамал (87 келіден жоғары)

Ковальчук Любовь (87 келіден жоғары)

Ел құрамасы сапынан алғаш болып жарыс жолына 45 келі салмақ дәрежесінде Айнұр Әбдіхалықова шығады. Ал ерлер арасында 55 келіде Арли Чонтей сынға түседі.

Еске салсақ, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан медальдар саны бойынша 1-орын алды.

Берік Арманов
Бөлісу: