Ауылды көркейтемін дейтін азаматтар аз - Жигули Дайрабаев

1 Наурыз 2023, 20:45 941

Партия өкілдері арасында өткен пікірсайыста «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев «Ауыл» шаруашылығында проблема көп екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ауылдағы проблемалардың тек үшеуіне ғана тоқталамын. Біріншісі, мемлекеттегі қарапайым еңбек адамының мәртебесі. Біз Мәжіліске өтетін болсақ, қарапайым еңбек адамының жағдайын жасаудың амалын ойластырамыз. Бүгінде ауылға барып жұмыс істеймін, оның жағдайын көркейтемін дейтін азаматтардың саны кемшіл. Екіншісі, ауыл шаруашылығымен айналысатындарға еркін өмір сүруі үшін салықтан құтқарудың амалын жасау керек. Үшіншісі, мемлекеттік сектор ұйымдарының барлығын ауылға қайтарудың амалын ойлау қажет», - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: