Ауылдарда 355 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны салынады

23 Шілде, 10:29 597

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 355 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асырудың қазіргі жағдайы қаралды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады. 

Бүгінгі таңда ұлттық жоба шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп мемелекеттік сараптама қорытындылары негізінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, байланыстыру жұмыстарын толығымен аяқтады.

Құрылысы жоспарланған 655 МСАК нысанының ішінде 22,9 млрд теңгеге 102 нысандағы құрылыс жұмысы аяқталды. 

Бүгінгі таңда облыс әкімдіктерімен жергілікті бюджеттерден 551 нысанға бірлесіп қаржыландыру көзделген. 441 нысанның құрылысы бойынша шарттар жасалды. 107 нысан бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Биыл 355 нысанның құрылысына республикалық бюджет және Үкімет резерві есебінен қаражат бөлу көзделген.

194 нысанның құрылысына қаржы министрлігімен бірлесіп бұрын қабылданған қаулыға өзгерістер енгізу арқылы Үкімет резервінен қаражат бөлу жоспарлануда.

Ұлттық жобаны іске асыру аясында 32 аудандық аурухананы  жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ұлттық жобаның екінші бөлігін іске асыру аясында Қазақстанда 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы күрделі жөндеуге 3,9 млрд теңге салынды, биыл 7,6 млрд теңге бөлуге қосымша өтініммен 9,7 млрд теңге бөлу көзделген.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық мекемелерді персоналмен қамтамасыз ету үшін 1100-ге жуық медицина қызметкерін жұмысқа орналастыру жоспарланып отырғанын атап өтті.

2023-2024 жылдары 152 нысанда 656 маман жұмысқа орналастырылды. Олар үшін көзделген мемлекеттік қолдау шаралары дәрігер мамандығының беделін күшейтуге және мамандардың ауылда тұру уәждемесін арттыруға бағытталған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: