Ауыл тұрғындары тыл ардагерлерінің үй ауласын тазалап берді

10 Мамыр, 06:29 239

Түркістан облысы Отырар ауданында ауыл тұрғындары тыл ардагерлерінің үй ауласын тазалап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс күніне орай экологиялық акция аясында отырарлықтар тыл ардагерлері Іңкәрбек Батырбеков, Базарбай Әбдрайымов қариялар мен Күлжан Бастарбекованың үйлеріне барып, аулаларына абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Тазалық шарасы барысында үй-жайлардың маңайларын шөптерден тазартып, қора-қопсыларын тазалауға көмек көрсетті.

Игі шараға ауыл тұрғындарымен қатар жастар ұйытқы болған. Сонымен қатар ауыл тұрғындары тыл ардагерлерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті. Өз кезегінде қариялар көмек көрсеткен жерлестеріне ыстық ықыласын білдіріп, ақ батасын берді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: