Ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 300 млрд теңгеге дейін өседі

29 Қазан, 12:41 432

Ауыл шаруашылығы техникасын өндіруде 2025 жылы 300 млрд теңгеге дейін өсім болжанып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сатып алынатын 10 трактор мен комбайнның тоғызы Қазақстанда жинақталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламанов баяндады.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің жылдық көлемі 263 млрд теңгені құрайды, 2025 жылы 300 млрд теңгеге дейін өседі деп болжануда.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 8 кәсіпорында тракторлар мен астық жинайтын комбайндар шығарылады, олар фермерлердің осы техникаға жыл сайынғы қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Тағы 20-дан астам кәсіпорын тіркеме және аспалы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын шығарумен айналысады. Ол бойынша импортқа тәуелділік жыл сайын төмендеп келеді. Келесі жылы өндірушілер астық бункерлерін, көлбеу камераларды, ұсақтағыштарды және комбайн кабиналарын жасау бойынша операцияларды игеруді жоспарлап отыр.

Қостанайдағы еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы машина жасау локализациялық орталығы жыл сайын ауыл шаруашылығы техникасы мен автоөнеркәсіпке арналған 25 мың бірлік тораптар, агрегаттар, компоненттер мен қосалқы бөлшектер шығарады.

Биыл отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде фермерлерді субсидиялау туралы шешім қазірдің өзінде нәтижеге қол жеткізуде: шетелдік өндірушілердің локализациялауға қызығушылығы өндірістің өсуіне және ауыл шаруашылығы техникасы номенклатурасының ұлғаюына оң әсер етеді. Қазір қолданыстағы алаңдарда бұрын әкелінген техниканы локализациялау бойынша шетелдік өндірушілермен нақты келіссөздер жүргізілуде. Бұл 2025 жылы өндіріс көлемін де, жұмыс орындарын да арттырады, — деді Қайрат Еламанов.
Мөлдір Қайнар
Бөлісу: