Ауыл шаруашылығы өнімдері қымбаттады

6 Сәуір 2023, 13:45 1012

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өсімдік шаруашылығынан жылыжай қияры – 19,7%-ға, бидай – 2%-ға, картоп, мал азықтық дақылдар – 1,1%-ға, тары – 0,6%-ға, кептірілген жасымық – 0,4%-ға баға төмендеді. Жылыжай қызанақтарының өндіруші бағасы 3,1%-ға, ас қызылшасы мен сұлы 0,4%-ға өсті.

“Мал санатында наурызда өндіруші баға құс еті 4,1%-ға, шошқа 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға өсті”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ,  мал шаруашылығы санатында өндірушілердің бағасы құс етіне – 4,1%-ға, шошқаға – 1,4%-ға төмендеді. Жұмыртқа – 3,5%-ға, шикі сүт – 1%-ға, қой мен ірі қара мал – 0,4%-ға, жылқы – 0,3%-ға қымбаттады.

Айта кетейік, 2023 жылдың наурызында ақпан айымен салыстырғанда азық-түлік тауарларының бағасы – 1,1%, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер құны 0,8%-ға өсті.

Бір жылда  азық-түлік тауарларының бағасы 26,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 20,5%, ақылы қызметтер құны 15% өсті.

Өткен аптада Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлеген президент Үкіметке елдегі инфляцияны кемінде 2 есе төмендетуді тапсырды.

EL.KZ
Бөлісу: