Ауыл шаруаларын салықтан босатуымыз керек – Жигули Дайрабаев

10 Наурыз 2023, 21:41 1874

Саяси партиялар арасындағы пікірсайыста «Байтақ» партиясының өкілі Айнұр Сабитова «Ауыл» партиясының өкілі Жигули Дайрабаевқа сұрақ қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Фермерлерді салықтан босатуды ұсындыңыз. Онда ауылдарда мүлдем бюджет болмай қалады. Ауылдар қай ақшаға өмір сүреді?», - деді Айнұр Сабитова.

«Сұрақты бір жақты қарауға болмайды. Ауылдың, агроөнеркәсіп кешенінің жағдайын қарап, баға беру керек. Республика бойынша 280 мыңнан астам шаруашылықтар жұмыс істейді. Салықтан түсетін ақша түкке де тұрмайды. 1%-ға жетпейтін қаржы ауылдың жағдайын шешпейді. Ол түкке де тұрмайды. Бүгінгі күнде ауылға барып, егін егемін дейтіндер аз. Қазір жастардың бәрі үдере көшіп жатыр. Жұмыс істейтін адам ауылда жоқ. Мемлекет ауыл шаруашылығын қалпына келтіреміз десе, ауылға көбірек көңіл бөлуіміз керек», - деді Жигули Дайрабаев.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: