Ауыл қызметкерлері үшін 2 855 тұрғын үй салынады

4 Сәуір 2023, 10:01 1187

Ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Марат Қарабаев айтты.

«Халықтың ауылдық және шекара маңындағы аумақтардан кетуін азайту мақсатында бірінші кезекте жаңа өндірістерді іске қосу жолымен тұрақты жұмыс орындарын құру жоспарлануда. Жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру, өнеркәсіп қорында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады. Ауылдағы тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында өз қызметкерлері үшін жалға берілетін үйлер салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тетігі іске қосылды. Осы тетік арқылы ауыл қызметкерлері үшін 2 855 тұрғын үй салу жоспарлануда. Оған 14,3 млрд теңге қарастырылып отыр», - деді Марат Қарабаев.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерде жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында жыл сайын 22 мың жер учаскесі инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілетінін айтты.

Миражан Махан
Бөлісу: