Ауыл мен аудан тұрғындары өте белсенді дауыс беріп жатыр. Бұл туралы жазушы Өріс Яшкүрқызы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі күн бұрын Сарыағаш шипажайына келдім. Оңтүстіктегі аудандар мен ауылдарда да сайлауға деген дайындықтың жоғары екенін көруге болады. Ауданның әр нүктесіне кандидаттардың баннерлері мен жапсырмалары ілінген. Таңертең ерте отбасыммен бірге дауыс беруге бардым. Қала тұрғындарына қарағанда аудан тұрғындарының дауыс беруде белсенді деп айтар едім. Себебі, жасы болсын, үлкені болсын барлығы бірге отбасымен дауыс беру үшін сайлау учаскелерінде жүр. Әулетімен бірге дауыс беріп, белсенділік танытуда. Сайлау учаскелерінде де мамандар жақсы жұмыс істеп жатыр. Учаскесі жоқ немесе тіркелмеген азаматтарды қосымша тізім жасап дауыстарын жинап жатыр. Өз басым бүгіндікке наразы, көңілі толмай қайтып бара жатқан жандарды көрмеппін, - дейді ол.