Ауыл халқы үшін 700-ге жуық медициналық мекеме ашылады

22 Қараша 2022, 10:32 1315

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды

Үкімет отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы туралы айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауылдық жердегі денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін арнайы ұлттық жоба әзірленді.

"Ауылдарда медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін барлық инфрақұрылымды жаңғырту қажет. Жоба аясында: 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісі салынып, қайта жөнделеді. 12 аурухана жаңғыртылып, жаңадан 20 аудандық аурухана ашылады.  Сонымен қатар басқа да жобалар аясында, мысалы, «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша медициналық объектілер салу көзделіп отыр", - деді Үкімет басшысы.

Ауыл халқы үшін барлығы 700-ге жуық медициналық объекті ашылады.

«Ол үшін жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін бөлуді жедел қамтамасыз етіп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін шешуі қажет», - деп атап өтті Премьер-Министр.

Жоба шеңберінде ауылдағы медициналық ұйымдарды денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне интеграциялау көзделіп отыр. Сондай-ақ жаңа технологиялар жаппай енгізіледі, бұл халыққа өздері тұратын өңірлерде сапалы медициналық қызметтер алуға мүмкіндік береді.

«Әрине, ұлттық жобаның аса маңызды аспектілерінің бірі кадр тапшылығы проблемасын шешу және ауылдық жердегі медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру болып табылады. Сондықтан өңір әкімдері ауылға келетін медициналық кадрлардың әлеуметтік мәселелерін шешуге назар аударуы тиіс. Жас мамандар ауылға келіп, біліктілігін арттыруға және жұмыс істеп, сонда тұрақтап қалуға мүдделі болуы керек», - деді Әлихан Смайылов.

EL.KZ
Бөлісу: