Ауыл баласы ҰБТ-да 140 балл жинап, рекорд орнатты

28 Маусым, 03:27 2132

Ұлттық бірыңғай тестілеуде жаңа рекорд тіркелді. Барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, максималды балл жинаған түлек белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облысы Талғар ауданы Қарабұлақ ауылының №22 жалпы білім беретін орта мектебі түлегі Жаннұр Еңсебек барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары балл жинады. Ол 140 балл алып, рекордты жаңартып отыр.

Осылайша ауылдың баласы жетістігімен жұртты таңғалдырды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңаөзендік Абзал Оңғарбаев 139 балл жинап, үздік нәтиже көрсеткен болатын. 

Кентаулық түлек Айдос Қожанов та ұлттық бірыңғай тестілеуде  жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ол 138 бал жинаған. 

Перизат Саденова
Бөлісу: