«Ауыл аманаты» бағдарламасына қанша қаржы бөлінді

27 Тамыз, 20:45 441

Президенттің 2023 жылғы Жолдауында берген тапсырмасы аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 100 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек» деп айтқан болатын.

Бұл тапсырма аясында 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға 17 мың шағын несие беру және ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарына сәйкес 100 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген.

Бүгінгі таңда 91,8 млрд. теңге 14,5 мың шағын несие арқылы берілді, оның есебінен 15,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

Бағдарлама шеңберінде кооперативтер құруды ынталандыру үшін кооперативтерді несиелеудің ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін несие беру көзделген.

«Ауыл Аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 6,7 млрд. теңгеге 321 ауыл шаруашылығы кооперативі қаржыландырылды.

Кооперативтерді қолдау үшін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін жергілікті бюджет есебінен 50%-ға дейін ұлғайту көзделген:

Техника мен жабдықтар (тракторлар, комбайндар, тіркеме және аспалы техника) сатып алу;

Сүт өңдеу объектісін құру және кеңейту, сүт қабылдау пункттерін құру, жабдықтар мен техника сатып алу.

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, мүлік салығының, көлік құралдарына салынатын салықтың жалпы белгіленген тәртіппен есептелген сомаларын 70%-ға дейін азайтуды көздейтін арнайы салық режимі түріндегі салық жеңілдіктері қарастырылған.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: