Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Вилли Кемпельдің дипломатиялық миссиясы аяқталды

18 Маусым, 19:10 930

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Аустрияның Елшісі Вилли Кемпельді қабылдады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар екіжақты байланыстардың белсенділігі мен сауда-экономикалық іс-қимылдың өсуін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықыластарын жеткізді.

Р.Василенко саяси диалогты тиісті деңгейде сақтап, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ұлғайтудың, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығын айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, Р.Василенко Аустрия дипломатына жемісті өзара әрекеттестігі және Қазақстан-Аустрия қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдірді.

Зарина Арман
Бөлісу: