Еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-нің төртінші айналымында әлемнің 14-ракеткасы американдық Мэдисон Кизбен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарсыластар бұған дейін өзара төрт рет шеберлік байқасқан – 2:2. Былтыр Майамиде (АҚШ) өткен матчта Рыбакина жеңген - 6:3, 7:5.
Алайда бұл жолы Киз үш сет қорытындысы бойынша басым түсті - 3:6, 6:1, 3:6.
Бір сағат 50 минутқа созылған кездесу қорытындысында қазақстандық спортшы 3 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың төртеуін ғана пайдаланды. Киз 4 эйс, 5 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.
Енді Мэдисон Киз жартылай финалдың жолдамасын әлемнің 27-ракеткасы украиналық Элина Свитолинамен сарапқа салады.
Осылайша, ересектер арасында Аустралия ашық біріншілігінде елімізден ешкім қалмады.