Аурухананың лауазымды тұлғалары 758 млн-нан астам теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

25 Қаңтар, 05:15 725

Жамбыл облысында қалалық көпбейінді аурухананың лауазымды тұлғалары аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, келтірілген шығын сомасы 758 млн теңгеден асады.

Сот санкциясымен аурухана бас дәрігерінің орынбасары және бұрынғы бас есепші қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: