"Ауруханада орын жоқ". Ақтөбеде қызылша жұқтырған балалар реанимацияға түсіп жатыр

19 Қазан 2023, 09:10 1472

Ақтөбе облысында қызылша инфекциясы қарқын алуда, облыстық стационар лық толы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 75 адам қызылша ауруымен жатыр. Басқа жұқпалы аурулары бар науқастар басқа медициналық мекемелерге жіберілді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қала сыртындағы науқастар үшін қосымша орындар ашты.

Қызылшамен ауырғандардың көбеюіне байланысты бүгіннен бастап "Шағала" санаторийінде қосымша 80 орын ашылды. Қазіргі уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 81 адам бар. Оның 68-і бала, 13-і ересек, – деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Асқынуларға байланысты қызылшамен ауыратын екі бала қазір реанимацияда. Дәрігерлердің айтуынша, жүкті әйелдер де қызылшамен ауыра бастады. Екі жүкті әйел сырқаттанды. 

Өңірде 90 миллион теңгеге 30 000 доза вакцина сатып алынды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: