Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасында атыс болды

8 Қыркүйек 2023, 12:15 1028

Ауғанстан мен Пәкістанның шекарашылары арасында атыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Aтыс Торхам бақылау-өткізу бекетінің маңында болған. Одан «Талибан» қозғалысының төрт адамы қаза тауып, 10 өкілі жарақат алған.

Қақтығысқа ауғандардың көрші мемлекеттің аумағында бекіністер салу әрекеті себеп болған. Алдымен Пәкістан жағы оқ жаудырған. Осы жағдайдан кейін бақылау бекеті арқылы көлік қозғалысы тоқтатылды, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, мамыр айында Ауғанстан мен Иран арасындағы шекарада үлкен қақтығыс болған еді. Атыс кезінде екі ирандық шекарашы мен «Талибанның» бір сарбазы қаза тапты.

Равиль Ашығали
Бөлісу: