Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін Алматы әуежайында қолына пышағы бар ер адам, қызметкерді кепілге алған еді. Куәгерлер абдырап қалғанда 52 жастағы Мұса Әбдірайым есімді азамат қылмыскерді ұстауға көмектескен.
Жағдайдан хабардар болған Мемлекет басшысы қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырған болатын.