Әуежайда қол жүгімен бірге оқ алып жүрген ақтаулық азаматқа айыппұл салынды

28 Мамыр 2023, 18:50 605

Ақтауда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот қол жүгімен атыс оғын алып жүрген азаматқа қатысты істі қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс бойынша Ақтау тұрғыны Шымкент қаласының әуежай ғимаратында тексеруден өту кезінде ол 16 калибрлі 2 оқты заңсыз тасымалдаған.

Сот-криминалистикалық сараптаманың қорытындылары бойынша зерттеуге ұсынылған 2 оқ тегіс ұңғылы атыс қаруынан атуға жарамды.

Сот қаулысымен М ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған 69000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: