Әуежайда Өзбекстанға 83 млн теңге алып ұшпақ болғандар ұсталды

11 Қараша 2022, 18:23 1162

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті

Астана әуежайында кеден қызметкерлері 83 млн теңгеден астам декларацияланбаған қолма-қол қаражатты шетелге алып ұшпақ болған жолаушыны тоқтатты, деп хабарлайды El.kz

«Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлері 6 қарашада «Астана-Ташкент» халықаралық рейсі жолаушыларының қол жүгін кедендік тексеру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарынан декларацияланбаған 83 601 000 теңге көлемінде, атап айтқанда 180 000 АҚШ долларын (қолма-қол қаражат) анықтады. Кедендік тексеру кезінде заң бұзушылар лауазымды тұлғаларға кедергі келтірген. Заң бұзушыларға қатысты материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдау үшін Астана қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», - делінген Комитет хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: