Олжас Бектенов әуе рейстерінің кешігу жағдайларына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында авиация саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды.
Премьер-министр әуе рейстерінің кешігу жағдайларына ерекше назар аударды.
Ішкі ұшу сапарларының жиілігін арттыру, сондай-ақ халықаралық ұшу сапарларының географиясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірақ әуе рейстерінің кешігу жағдайлары да бар. Көбінесе бұл әуе компаниялары мен әуежайлардың арасындағы ретсіз жұмыстардың кесірінен туындап жатады. Сондықтан министрлікке өзара іс-қимылдың тиісті тетіктерін пысықтауды тапсырамын, – деп атап өтті Үкімет басшысы.