Әуе рейстері уақытынан кешіксе, айыппұл салынады – Бақытжан Базарбек

Кеше, 11:40 268

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әуе компанияларына қатысты заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, әуе компанияларына байланысты жолаушыларының құқықтарын қорғауға арналған жаңа құқықтық механизмдер әзірленіп жатқанын мәлімдеді.

Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан Астана әуежайында 12 жасар қызды рейске жібермей, жалғыз қалдырғаны үшін Air Astana компаниясының сот шешіміне шағымдануы туралы сұрады. Бақытжан Базарбек әуе компаниясының сот шешіміне шағымдануға құқығы бар екенін атап өтті.

Қазір біз рейстердің кешіккені үшін барлық әуе компанияларына айыппұл салуға қатысты механизмдерді әзірлеп жатырмыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында әуе компанияларына қатысты шағымдарды қарау және тексеру, сондай-ақ әуежай басшылығының әрекеттерін бақылау бойынша құқықтық механизмдер жасап жатырмыз, – деді депутат.

Диана Орынбасар
Бөлісу: