Әуе қорғанысы күштерінің бөлімдерінде жас сарбаздар әскери ант берді

20 Шілде, 19:48 1501

ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштері 78460 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі 80 жауынгері салтанатты жағдайда әскери ант берді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әрбір жауынгердің өміріндегі бұл маңызды оқиға Қазақстанның түкпір-түкпірінен байланыс полкіне шақырылғандардың туыстары мен достарын жинады. Шақырылған қонақтардың арасында Ащыбұлақ ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаев және "Сарбаз аналары" комитетінің мүшесі Татьяна Тропина болды.

Кешегі әскерге шақырылушылар өздерінің әскери борышын орындауға дайын Отан қорғаушыларға айналды.

- Біз әскери өнерді үйрететін командирлердің қолдауын сезінеміз. Мен Отан алдындағы парызымды адал орындау үшін бәрін жасаймын", - деді қатардағы жауынгер Расул Сейділда.

Салтанатты бөлімнен кейін жас сарбаздардың ата-аналары үшін ерекше экскурсия ұйымдастырылып, олар ұлдары алдағы бір жыл қызмет ететін әскери бөліммен танысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша жас сарбаздар кешке дейін туыстарымен сейілге босатылды.

Мерзімді қызметте жауынгерлер механик, жүргізуші, жүргізуші-электрик, жүргізуші-жанармай құюшы, радио-телеграфист, радио-телефоншы сияқты мамандықтар бойынша оқытылады.

Зарина Арман
Бөлісу: