Ауа райына байланысты жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмай қалды

17 Ақпан, 05:31 440

Ақмола облысы Ягодное ауылында 1960 жылы дүниеге келген зейнеткер әжейге дәрігерлердің көмегі қажет болған. Алайда ауа райының қолайсыздығынан жедел медициналық жәрдем көлігі науқасқа жете алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ТЖД құтқарушылары өтімділігі жоғары көліктің көмегімен 62 шақырымды жүріп өтіп, Ягодное ауылына дереу жетті. Олар көмек қажет болған әйелді жедел медициналық жәрдем көлігіне дейін жеткізді. Науқас зейнеткер Астрахан ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Асқар Таудай
Бөлісу: