Ауа райына байланысты синоптиктер ескерту жасады

17 Тамыз 2022, 19:31 1139

Солтүстік өңірлерде үсік жүреді

18 тамызда ауа райының бұзылуынан бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының солтүстік-шығысында түнде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с артады. Облыстың батысында түнде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз өңірдің орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

18-20 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 39 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз өңірдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында күші 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық болады. Өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз өңірдің оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с артады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с артады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Бөлісу: