Ауа райына байланысты 15 негізгі тас жол жабылды

Бүгiн, 11:29 193
2025 жылдың 10 наурызы күні таңертең ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның сегіз облысындағы 15 республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы:

  • "Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 75-187 шақырым аралығы (Үржар ауылынан ҚХР шекарасына дейін).

Ақмола облысы:

  • "Қостанай – Әулиекөл -Сұрған- автожолының 232-260 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Сұрған а.);
  • "Жақсы – Есіл – Бұзылық" автожолының 0-82 шақырым аралығы (Жақсы а. – Бұзылық а.);
  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 377-595 шақырым аралығы (Қостанай облысы шекарасынан Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін)
  • "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 856-997 шақырым аралығындағы учаскесінде (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан – Атбасар қаласы)
  • " Көкшетау – Атбасар"- автожолының 120-184 шақырым аралығы (Атбасар қаласы-Максимовка ауылы);
  • "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 997-1128 шақырым аралығы (Атбасар қаласы-Астраханка ауылы)

Алматы облысы:

  • "Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Тұздыбастау ауылы – Бесқайнар ауылы)

Шығыс Қазақстан облысы:

  • "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Қарағай – Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ушаново а.-Алтай қ.)

Жетісу облысы:

  • "Сарыөзек – Көктал" автожолының 40-68 шақырым аралығы (Алтын Емел асуы).

Қостанай облысы:

  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығы (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін).
  • "Қостанай – Әулиекөл -Сұрған- автожолының 108-232 шақырым аралығы (Әулиекөл ауылы-Ақмола облысының шекарасы);
  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 339-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласынан Ақмола облысы шекарасына дейін)

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 595-671 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы – Тоқсан Би ауылы);
  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы-Ақмола облысы шекарасы)

Ұлытау облысы:

  • "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығы (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 310 арнайы техника мен 421 маман жұмылдырылды.

Ақмола облысы:

  • "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығы (Жібек Жолы төлемақы алу пункті-Ақмола облысының шекарасына);
  • "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 1128-1232 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Астраханка ауылы – Қажымұқан ауылы);
  • "Астана-Петропавловск" автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Астана қаласы – Щучинск қаласы);

Қарағанды облысы:

  • "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы-Теміртау төлемақы алу пункті);

Жолды 2025 жылғы 10 наурыз сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

Перизат Саденова
Бөлісу: