Ауа райына байланысты 10 облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

18 Ақпан, 09:35 703

18 ақпан сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 облыстағы республикалық маңызы бар 18 автожолда қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс): 

1. "Омбы-Майқапшағай" - Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық түрлері үшін);

Ақмола облысында 2 учаске. Жалпы ұзындығы 77 км (ауа температурасының төмендеуі)
Автокөліктің дизельді түрі үшін:

1. "Екатеринбург - Алматы" -Жібек жолы ААП-Қарағанды обл.шек.;

2. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" - Қабанбай батыр а.-Қарағанды обл.шек.

Алматы облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км 2 (қар, ауа температурасының төмендеуі):

1. "Алматы-Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық үшін);

2. "Алматы-Ташкент-Термез" -Жаңақұрлыс ауылы-Жамбыл обл.шек. (барлық түрлері үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы (қар, боран, шектеулі көрініс):

1. "Омбы-Майқапшағай" - Абай обл.шек - Зайсан қ., Үлкен Қаратал а.-ҚХР шек. (көліктің барлық түрлері үшін);

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс);

1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Алматы обл.шек.-Қордай а. (көліктің барлық түрлері үшін), Кенен а.-Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрлер үшін);


Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, шектеулі көрініс): 

1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық түрлері үшін);

Қарағанды облысында 5 учаске, жалпы ұзындығы 1251 км (ауа температурасының төмендеуі)
Автокөліктің дизельді түрі үшін: 

1. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" - Ақмола обл.шек.-Теміртау қ.;

2. "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды қ. - Павлодар обл.шек., Ұлытау обл.-Топар к.;

3. "Екатеринбург-Алматы" - Ақмола обл.шек-Қарағанды қ, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, Новостройка к.-Балқаш қ.;

4. "Қарағанды-Аягөз - Бұғаз" - Ботақара к.-Қарқаралы қ.;

5. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" - Павлодар обл.шек.-Ботақара к.

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (барлық түрлері үшін);

Павлодар облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 165 км (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

1. "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды обл.шек.-Шідерті к. (автокөліктің дизельді түрі үшін);

2. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" - Баянауыл к.-Қарағанды обл.шек, Шідерті (автокөліктің дизельді түрі үшін)

Ұлытау облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 543 км(боран жел, көрінуді шектеу):

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау к.-Қостанай обл.шек (барлық түрлері үшін), Жезді а.-Ұлытау к. (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін);

2. "Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қаласы-Қарағанды обл.шек. (дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін).

"ҚазАвтоЖол" компаниясының хабарлауынша, ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 181 техника және 274 адам жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Әділбек
Бөлісу: