Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Арыстанбек Мұхамедиұлы сот ғимаратына жете алмады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы ауа райына байланысты сотқа жеткізілмеді. Сотталушы zoom-да бейнеконференция арқылы алдын ала тыңдауларға қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық музейдің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 28 мамырда ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынды.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017-2018 жылдары нысандардың 3D моделін жасау жобасын жүзеге асыру барысында 1,2 миллиард теңге ұрланғанын хабарлаған болатын.
Мұхамедиұлы 2019 жылдың шілдесінде музей директоры болды, оған дейін бес жыл мәдениет министрі болған.