Атыраулық Зинеден Зидан

Бүгiн, 11:34 158

Атыраудың өз Зинеден Зиданы бар. 8 жастағы болашақ футбол жұлдызының ерекше есімін атасы Зинеден қойған. 1 сынып оқушысы әйгілі «Реал Мадрид» футбол клубының жанкүйері. Осы спорттың ережелері мен ойыншыларын жатқа білетін Зидан Футбол үйірмесіне баруды көздейді. Анасы Маликаның сөзінше баласы көшеде жүргенде үйге шақырып, «Зидан!» деп дауысқа салғанда басында айналасындағылар таңырқай қараған екен. Қазір көпшілік бұл баланың ерекше есіміне үйреніп алған. Тіпті, іздеп келіп, суретке түсетіндер де бар. Ал, мектептегі мұғалімдерінің айтуынша, Зидан – өзге балалардың да спортқа деген құлшынысын оятып жүр. Сабақ кезінде үнемі алғырлығын көрсетіп, оқушыларымыздың алды болып алды дейді. Келешек футбол жұлдызына біз де сәттілік тілеп, болашағың жарқын болсын дейміз! 

EL.KZ
Бөлісу: