Атырау қаласындағы «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде орын алған жан түршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Элиталы үйлердің бірінде 46 жастағы жүкті әйел Бибігүл Шпанова аяусыз өлтіріліп, құнды заттары тоналған. Қайғылы оқиғаға байланысты күдіктінің фотосы Instagram желісінде таралып, оны атыраулық блогер Рүстем Баязиев жариялады. Блогердің айтуынша, күдікті марқұм тұрған үйде сантехник болып жұмыс істеген. Ол пәтерге кіріп, әйелді өлтіріп, мүліктерін алып кеткен деген болжам бар.
Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған. Полиция 1987 жылы туған күдіктіні ұстағанын мәлімдеп, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «кісі өлтіру» бабымен іс қозғалды. Алдын ала деректер бойынша, қаза болған әйел жүкті болған.