Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады

26 Шілде 2023, 17:18 622

Атыраулық полицейлер 1500 доза есірткі затын сақтаған күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қала аумағында синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Абай облысының 1998 ж.т. тұрғынын ұстады. 

Оқи отырыңыз:

Медициналық сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі затының салмағы 487,75 грамм 1500 доза болатын «Мефедрон» синтетикалық есірткі екені анықталды.

Қазіргі таңда, ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: