Атырауға келген өзге облыс тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды

3 Қазан 2023, 14:14 644

Атырауға келген өзге облыс тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

26 қыркүйек күні Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Жылыой ауданы Құлсары қаласы аумағында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде сақтаған деген күдікпен 20 жастағы БҚО-ның тұрғынын ұстады.

Тексеру жұмыстары кезінде 19 жастағы күдіктінің Құлсары қаласына 24 қыркүйекте келгені анықталды. Оның тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде бір зип-пакет, екі электронды таразы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат 24.18 грамм болатын Альфа-pvp синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: